Жаңалықтар

2025 жылғы 8 желтоқсанда жасалған №111-SA шарт негізінде 2026 жылғы 2 наурыздан бастап Дулати университетінде 2 кезеңмен мамандандырылған аккредиттеу өтті. Аккредиттеуге 9 кластерлерге біріктірілген 31 білім беру бағдарламасы қатыстырылды. Бұл үдерісті Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР) ұйымдастырды.

Университет қабырғасында «Ақпараттық жүйелер» кафедрасынын ұйымдастыруымен «Ана – алғашқы ұстаз» тақырыбында мерекелік кеш өтті. 

Университет қабырғасында Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Төлеген Сәрсембаевты қабылдады.

Университеттің №1 студенттер жатақханасында «Студенттік тәртіп пен тәрбие – табысты болашақтың негізі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Ұйымдастыру комитеті: Технологиялық факультет «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасы. 

Университет қабырғасында Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева университет қызметкерлерімен ашық диалог форматында кездесу өткізді.

Университет қабырғасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйел – сұлулықтың әуені» атты салтанатты кеш ұйымдастырылды. Ұйымдастыру комитеті: «Филология және әлеуметтік ғылымдар» факультеті.

Бүгінде елімізде жастарға сапалы білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Дулати университеті де студенттерге білім мен саналы тәрбие беріп, бәсекеге қабілетті маман дайындауда барлық мүмкіндіктерді ұсынып келеді. Осыған орай, университет қабырғасында Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева студенттермен еркін форматта кездесу өткізді.

Дулати университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева Тараз қаласындағы Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті филиалының жаңа басшысы Николай Александрович Макаровпен жұмыс кездесуін өткізді.