«Мемлекеттік және әкімшілік құқық» кафедрасы 6В042 – Құқық бағыты бойынша 6В04212- Мемлекеттік қызмет және әкімшілік құқық білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы жоғары білікті заңгер мамандарды даярлайды.
Миссиясы – ұлттық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие заманауи құқық бағытындағы мамандардың кадрлық әлеуетін қалыптастырудан, білім беруде сапалы жаңа ғылыми-тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізуден және қоғамның ғылыми-зияткерлік және ақпараттық-мәдени ортасын қалыптастыру ментұрақты дамытудан тұрады.
Кафедраның мақсаты – қоғамдағы прогрессивті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық өзгерістердің локомотиві болу; отандық және Еуразиялық еңбек нарықтары үшін олардың сұраныстарымен ел мен өңірді дамыту перспективаларына сәйкес кадрлық әлеуетті қалыптастыру; университет ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін коммерцияландыру арқылы елдің тіршілік әрекетінің барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізуге ықпал ету; ұлттың білім алуын, оның зияткерлік, мәдени, адамгершілік әлеуетін арттыруды қамтамасыз ету.
Осы миссия мен мақсат нәтижесіне қол жеткізу үшін келесі міндеттер іске асырылуы тиіс:
- бакалавриат деңгейіндегі жоғары білікті мамандарды даярлаудағы көшбасшылық;
- үш тілді білім беру жүйесінің іске асуы;
- білім алушылардың ғылым мен оқуда, спорт пен тәрбиедегі үздіксіз жетістіктері;
- алдыңғы қатарлы жеке және ұлттық ЖОО-мен, мекемелер және ұйымдармен жан-жақты әріптестік жасау, қоғамның әлеуметтік институттарының тиімді өзара әрекеті мен байланысының орталығы ретінде университеттің көрінісі;
- білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілетті базасын қалыптастыру;
- білім берудің инновациялық және педагогикалық технологияларын қарқынды қолдану;
- экономиканың басымды салаларындағы жаңа ғылыми бағыттарды игеру;
- университетті ұлттық және әлемдік рейтингтерге белсенді қатысуға жағдай жасау.
республикалық деңгейдегі ғылыми зерттеу университетіне айналдыру;
- еңбек нарығының талаптарына жауап беретін жоғары жеке және кәсіби қасиеттері бар түлектерді даярлау.
- ел экономикасы мен саяси-құқықтық сұранысына ие инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізу;
- халықаралық контингентті тарту, білім алушыларға, оқытушыларға және қызметкерлерге академиялық ұтқырлық бағдарламаларын құру, дипломдарды халықаралық мойындаудың әлемдік стандарттарын алға жылжыту;
- алдыңғы қатарлы зерттеулер жүргізу және жастарды ғылыми, білім беру және инновациялық қызметке белсенді тарту үшін университет инфрақұрылымын жаңарту.
Серіктестер
- Мемлекеттік қызмет агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті
- Жамбыл облысының полиция департаменті;
- Жамбыл облысы бойынша соттардың әкімшісі;
- Жамбыл облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы;
- Жамбыл облысының Әділет департаменті;
- Жамбыл облысының заң консультанттары палатасы.
Бітіруші түлек моделі
- Білім беру бағдарламасының түлегі моделін қалыптастыру компоненттері
Білім беру бағдарламасы түлегінің моделін қалыптастырудың негізгі компоненттеріне білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері, саласы, объектілері, кәсіптік қызмет түрлері, білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін түлек орындай алатын кәсіптер тізбесі, білім беру бағдарламасына сәйкес жалпы және кәсіптік құзыреттер туралы ақпарат кіреді.
1.1 Білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
Білім беру бағдарламасының мақсаты: құқық саласында салалық және жалпы заң ғылымдарының мазмұнын білетін, сондай-ақ құқықтық нормаларды түсіну және түсіндіру тәсілдерін, оларды іске асыруды, заңды шешімдерді қабылдау және орындау рәсімдерін, құқықтық маңызы бар іс-әрекеттерді жасау актілерін білетін жоғары білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау болып табылады.
1.2 түлектің кәсіби қызмет саласы
«6В042 – Құқық» бағыты бойынша 6В04212 - "Мемлекеттік қызмет және әкімшілік құқық" білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр өзінің кәсіби қызметін құқықтық және құқық қорғау салаларында жүзеге асырады.
1.3 Бітірушінің кәсіби қызметінің объектілері
6В042 – Құқық бағытының 6В04212- "Мемлекеттік қызмет және әкімшілік құқық" білім беру бағдарламасы бакалаврының кәсіби қызметінің объектілері: мемлекеттік мекемелер, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан халыққа, ұйымдарға, мекемелер мен кәсіпорындарға заң көмегін ұйымдастыру; құқық қорғау қызметі мен заң қызметін ұйымдастыру болып табылады.
1.4 Бітірушінің кәсіби қызметінің түрлері
Бітірушіге 6В04212 – "Мемлекеттік қызмет және әкімшілік құқық"білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавр дәрежесі беріледі. 6В04212- "Мемлекеттік қызмет және әкімшілік құқық" БББ түлектері ҚР АК ЭҚЖЖ сәйкес Қазақстан Республикасының экономикасында келесі тауашаларға ие:
84.23.0 әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет;
69.10.1 адвокаттардың (жекеше-практикалаушы адвокаттарды қоса алғанда)алқалары мен заң консультацияларының қызметі;
84.24.0 қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет;
80.30.0 тергеу жөніндегі қызмет;
69.10.9 құқық саласындағы өзге де қызмет.
1.5 БББ аяқтағаннан кейін түлек орындай алатын мамандықтар тізімі
ҚР 01-2017 ұлттық кәсіптер классификаторына сәйкес келесі мамандықтар тобы таңдалды:
2611-1-002 заң кеңесшісі
2611-1-003 заңгер
2611-2-002 заң кеңесшісі
2612-0-003 сот алқасының хатшысы
2612-0-004 судья
4415-0-003 сот отырысының хатшысы
4415-0-004 сот хатшысы
4415-0-005 заң хатшысы
5412-0-001 патрульдеу инспекторы
1.6 Жалпы (негізгі) құзыреттер
Осы білім беру бағдарламасының түлектері мыналарды істей алады:
- Мемлекеттік және әкімшілік басқарудағы кәсіби мәселелерді шешу кезінде Қазақстан Республикасының заңдарын және халықаралық құқықты қолдана алады.
- Нормативтік құқықтық актілер мен құқық қорғау тәжірибесіне құқықтық талдау жүргізе алады.
- Академиялық жазу, құқықтық дәлелдер келтіру және құқықтық аналитика дағдыларын пайдалана алады.
- Кәсіби құқықтық жұмыста сандық құралдарды, ақпараттық жүйелерді және жасанды интеллект элементтерін қолдана алады.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалай алады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық механизмдерін қолдана алады.
- Құқықтық ақпаратпен, дерекқорлармен және электрондық мемлекеттік қызметтермен жұмыс істей алады.
- Құқықтық пікірлер мен ресми құжаттарды дайындауды қоса алғанда, ауызша және жазбаша түрде кәсіби қарым-қатынас жүргізе алады.
- Мемлекеттік қызметшілер мен заңгерлердің кәсіби этика стандарттарын ұстана алады.
- Кәсіби жұмысында инклюзивтілік және адам құқықтары қағидаттарын ескере алады.
- Мемлекеттік басқаруда қаржылық, құқықтық және бюджеттік сауаттылық негіздерін қолдана алады.
1.7 Кәсіби құзыреттер
Түлек мыналарды істей алады:
- Істерді қарау және процедуралық құжаттарды дайындау кезінде әкімшілік және әкімшілік-процестік заңнаманы қолдана алады.
- Мемлекеттік органдардың әкімшілік актілерінің жобаларын, қорытындыларын, ұсыныстарын, рәсімдік және ресми құжаттарын әзірлеу.
- Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін құқықтық қолдауды қамтамасыз ету.
- Атқарушы билік органдарының қызметіне әкімшілік рәсімдер мен ережелерді қолдану.
- Мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі мен құзыретін талдау.
- Мемлекеттік басқарудағы басқарушылық және құқықтық шешімдерді дайындауға қатысу.
- Нормативтік құқықтық актілер мен басқарушылық шешімдердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізу.
- Мемлекеттік қызмет, әкімшілік жауапкершілік және әкімшілік рәсімдер мәселелері бойынша кеңес беру.
- Әкімшілік істерде сот және квази-сот тәжірибесін қолдану.
- Құқықтық реттеудің тиімділігін бағалау және құқықтық мониторинг әдістерін пайдалану.
- Тексерулерден, әкімшілік іс жүргізуден және қызметтік тергеулерден алынған материалдармен жұмыс істеу.
- Құқықтық салада мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен және жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу.
Мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлік
