Факультет жаңалықтары (Экономика)

2021 жылдың 3 желтоқсанында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен «Менеджер» студенттік ғылыми үйірмесі аясында "Аймақтың өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы" атты ашық ғылыми семинар өтті. Ашық ғылыми семинарға 27-ге жуық мектеп оқушылары,

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Менеджмент» кафедрасының студенттері мен оқытушылары қатысты. Семинарды «Экономика және құқық» факультетінің деканы К.А. Ернішев сөз сөйлеп, ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сомен қатар «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Ж.А. Назикова сөз алып, семинарға қатысушылардың барлығына қатысқаны үшін алғысын білдіріп, білім беру бағдарламалары мен семинарға қатысушыларға танымал түлектер туралы айтып, презентация өткізді.

                                                              Қазіргі қоғамның тым жадағай күйге түскені – кісідегінің кілті аспандап кеткені, бірдің қолындағысын екіншісі қақшып жеп кететіні,                                                                        тәкаппар, мейірімсіздердің қарасының тым көбейіп кеткені.Барға қанағат етіп, біреудің жолын кеспей, бұйырғанының қадіріне жете                                                                      білетін саналы жандар көп емес ортамызда.Сол аздың бірі – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Экономика»                                                                                кафедрасының оқытушысы Сардарбек Нарматов мерейлі 70 жасқа толып отыр.

                                                              Негізі Сардарбек Рахымбайұлы өз кәсібі мен өмір жолын таңдауда қателеспеген жан. Өйткені, өз қалауымен таңдаған мамандық                                                                            бойынша ғана табысты, жемісті еңбек етуге болады. Ал оның еңбек кітапшасында бір ғана жұмыс орны жазылған. Бір жұмыс                                                                                  орынында  жарты ғасырға жуық,нақтысы 48 жыл бойы үздіксіз қызмет атқарып келеді. Бір ұжымда үздіксіз, табан аудармай еңбек ету–                                                                сирек кездесетін жайт. Бұл – Сардарбек Нарматовтың өзұжымына деген адалдығының, сүйіспеншілігінің және патриоттық сезімінің                                                                      бұлжымас дәлелі болса керек.

                                                              Ол ауылдан шыққан экономист. Меркіде туып-өсті. Арманы да ауыл баласына тән асқақ болды. Арман қуып, 1969 жылы Алматы                                                                            қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (КазГУ) Филиософия-экономикалық факультетінің «Саяси                                                                              экономия» бөлімшесіне оқуға түсіп, оны 1974 жылы бітіріп, экономист, «Саяси экономия»пәнінің оқытушысы мамандығын алды.                                                                            Республиканың сол кездегі Жоғары және Орта білім министрлігінің жолдамасымен 1974 жылдың тамыз айында Жамбыл жеңіл және                                                                    тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының  «Саяси экономия» кафедрасында ассистент болып еңбек жолын бастаған.

Сардарбек Нарматов ғылым-білім жолындағы ізденісін мұнымен тоқтатпады. 1978-1980 жылдары С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың «саяси экономия» кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өткен соң, 1980-1983 жылдары сол кафедрада аспирантурада оқыды.

1984 жылы өзінің алғашқы еңбек жолы басталғанинститутқа қайтаоралып,оқытушылық қызметін жалғастырады. Педагогикалық қызметін қоғамдық және ғылыми жұмыстарымен ұштастырып, өзі қызмет атқарып жатқан жоғары оқу орнының дамуына лайықты үлес қосады.  1985-1988 жылдары осы институттың «Қоғамдық мамандықтар» факультетінде декан болып қызмет атқарады. Ал 1994-1996 жылдары оқу орнының кадралар бөліміне басшылық жасайды.

1998 жылы үш институтты  біріктіріп, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ашылғанда «Экономикалық теория» кафедрасында, ал 2005 жылдан бастапқайта«Экономика»кафедрасы болып қайта құрылған осы кафедрада аға оқытушылық қызметті бүгінгі күнге дейін атқарып келеді.

Осы  жарты ғасырға жуық еңбек жолында Сардарбек Рахымбайұлыәртүрлі ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік   еңбектер жазып, әртүрлі деңгейлі ғылыми конференцияларға қатысты. 110 еңбегі жарық көріп, соның ішінде 7 оқу құралын (85 баспа табақтан  астам), 10 брошюраны баспадан шығарды. Осы оқу орнын үздік бітірген қызы Ақмарал екеуі бірлесіп жазған  700 беттік  «Экономика теория» кітабы 2015 жылы Алматы қаласындағы «Эверо» баспасында басылып шықты. Ал 2020 жылы Нижний Новгород қаласының Еділ (Волжский) мемлекеттік инженерлік-педагогикалық университетінің профессоры С.В.Соколовпен бірлескен «Этика»  атты еңбегі қазақ тіліндегі оқу құралдары («Эверо» баспасы, Алматы қаласы) ретінде көпшілік қолдауына ие болып, республикамыздың ұлттық университеттері мен  басқа да оқу орындары өздерінің кітапханаларының қорына сатып алды. Бүгінде бұл туынды сенімді оқу құралдары ретінде студенттерге ұсынылып отыр.

Публицистикалық-шығармашылық еңбекпен де шұғылданып,көпшілікке арналған  бұқаралық ақпарат құралдарында, атап айтқанда, «Ақиқат» журналында, «Егеменді Қазақстан», «Знамя труда», «Ақ жол», «Магнолия» және тағы басқа газеттерде  жыл сайын кем дегенде 2 - 3 мақаласы жарияланып отырды. 2020 жылы «Ақиқат» журналының №5 санында «Ақсақал сөзі» айдарымен жарияланған пікірталастыққа қатысып, көпшіліктің оңды бағалауына ие болған «Ақсақал сөзі» айдарына қатысты үздік ой»  атты көлемді мақаласы жарияланды.

Университет, факультет және кафедра тарапынан жүргізілетін қоғамдық жұмыстардан да шет қалмайды, қашанда белсенді. Кейінгі 15 жыл бойы кафедраның әдістемелік семинарын басқарып келді. 2020 жылға дейін университеттің Ғылыми кеңесінің шешімдерінің орындалуын қадағалау комиссиясының 10 жылдан астам тұрақты мүшесі болды. Хаттамалық тапсырмалардың орындалуын қадағалап отырды.

Сардарбек Рахымбайұлы өз мамандығының шебері.Кафедраның жас мамандарына тәлім беріп, әдістемелік көмек көрсетіп жүреді үнемі. Әрдайым студенттерге сапалы білім береді, нәтижесінде олар емтихандардан сүрінбей, ВОУД-сынақтарынан  аса қиналмай өтеді.

Сардарбек Рахымбайұлының  білім беру саласына қосқан үлесі, ұзақ ғылыми-педагогикалық еңбегі еленіп, 2008 жылы Білім және ғылым министрінің «Құрмет Грамотасымен», ал 2018 жылы Білім беру министрінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен марапатталды.

Сардарбек Рахымбайұлы 70-тің белесіне осындай жетістіктерімен, үлгілі-өнегелі жолымен көтеріліп отыр. Әріптесімізді 70 жас мерейтойымен құттықтай отырып, денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат тілейміз. Сіз сияқты мол тәжірибесі мен білімі бар алдыңғы толқыннан біздер тәлім-тәрбие ала берейік.

Экономика кафедрасының ұжымы

Білім алу, сауатты болуы – діннің де талабы осы. Алайда, шала біліп, шала үйренгендер «көрдім-білдім» деп өзін де, айналасындағыларды шатастырып бітеді. Міне сол терең зерделеп, ашық сананамен таразылай білмегендер, яғни «соқыр сенімнің» жетегіндегілер ғой, ең соңында ата-анасын да, жақындарын да сорлатып кететін.

Олардың жастық албырттығы, сенгіштігі – өзіне жау. Не нәрсенің болмасын байыбына бармай, айтқанға сеніп, айдағанға көне беретін жастар бүгінде экстремистердің қолындағы «соқыр құралға» айналғаны жасырын емес. Ал жас буынды осы жолдан қалай қайтаруға болады? Аңғалдықпен алданып қалмау үшін не істеу керек?

Дулати университетінің  «Менеджмент» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының 1 және 2 курс студенттері «Қазіргі заман жағдайында терроризм мен діни экстремизм қаупі» тақырыбында өткен ашық кураторлық сағатта осы мәселелер ашық айтылды. Жамбыл облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі А. Тайтелиев және облыстық діндерді зерттеу орталығының инспекторы А.Сәрсенбаев жастарға көптеген деректерді келтіріп, ақпараттық әңгіме жүргізді. Студенттердің сұрақтарына жауап берді.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті – тек болашақ мамандарды даярлап қана қоймай ғылыммен айналысуына мүмкіндік жасайтын оқу орны. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттері әртүрлі бағытта ғылыммен айналысып, көптеген жетістіктерге жетіп келе жатқаны – осы сөзіміздің дәлелі.

12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне орай университетімізде көптеген іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде «Экономика және құқық факультеті», «Қаржы және есеп» кафедрасы университетіміздің ғылыми жетістіктері мен осы салада жетістікке жеткен оқытушылар, студенттерді насихаттау және кәсіби-бағдар жұмыстарын жүргізу мақсатында мектеп оқушыларымен кездесулер ұйымдастырды.

Мектеп бітірушілеріне кәсіби-бағдар жұмыстарын жүргізу университеттің  оқу корпустары, кітапханалары, оқу-лабораториялары, факультет деканаты мен кафедраларды таныстырудан  басталды. Таныстыру жұмыстарын «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті, э.ғ.к., кафедраның ғылыми жұмыстарына жауапты  А.Молдабекова жүргізді. «Экономика және құқық» факультетінің деканы з.ғ.к. Қ.Ернишев, «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., доцент С.Қожабеков университет жайлы ақпараттармен бөлісті.

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті КЕАҚ «Аудит және салық салу» бағытында жоғары білімді бакалавр және магистр мамандарын даярлаумен айналысатын ауқымды білім ордасы саналады.

Білім берудің заманауи ерекшеліктеріне байланысты «Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №50 бұйрығы мен 2020 жылы 23 желтоқсанда Директорлар кеңесімен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Даму» бағдарламасына сәйкес студенттер тәрбиесі мен тәжірибесіне бағытталған оқытуды күшейту, атап айтқанда тәжірибелі мамандарды тарту, дуальді оқыту, кафедра филиалдары жүйесін дамыту қарастырылған, сәйкесінше дуальды білім беру элементтерін оқу процесіне енгізу аймақта жоғары білікті әрі сұранысқа ие мамандарды даярлап шығару, әрі студенттер мен оқытушы құрамының білікті болуына ықпал ету барысында, тәжірибесі мол мамандардан іс жүзінде тәжірибелік дәріс алу, теория мен тәжірибе ортасын етене жақындату болып табылады. Бүгінгі заман талабына сай бухгалтерлік есеп пен салық есебі халықаралық стандарттар бойынша жүргізілуде, сондықтан қыры мен сыры көп қаржылық есеп бойынша есептілік жүргізу саласында болып жатқан өзгерістер мен толықтыруларды меңгеру мақсатында, 2022 жылдың 05 мамыры, сағат 10-00 де, 2.6.319 аудиторияда «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы  М.Әбдіманаповтың «Қаржылық есептің халықаралық стандарттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, және есеп жүргізу бағытындағы басқа да заңдылықтар» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары мен студенттер қатысып, ұйымдастырушыға сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.

Студенттерді біліктілікке баулудың, заманауи маман етіп шығарудың жолындағы бірден-бір тәжірибелік мәні бар дәріс ретінде қабылданды, әрі тартымды өтті.

Дулати Университетіне Heilbronn Университетінің (Германия) профессорлары Яворски Ежи, Александр Джессер және Дитмар Хегель 18-23 қыркүйек аралығында зерттеулер мен білім беру аясында тәжірибе алмасу мақсатында келді.

Шетелдік профессорлар "Туризм", сондай-ақ экономикалық мамандықтардың студенттеріне дәріс оқумен қатар, халықаралық студенттік айырбас бағдарламаларын қаржыландырудың бірнеше нұсқаларын түсіндіре өтті.
Апта барысында шетелдік әріптестер "Экономика" кафедрасының негізгі серіктестерінің бірі - "Қазфосфат" ЖШС-не визит жасап, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктері жөнінде сөз етті. Сондай-ақ, ЖШС қызметкерлеріне оқыту семинарын жүргізді.
Университет қонақтары өлкеміздегі тарихи орындарға гидпен бірге экскурсияға шықты.

Дулати Университетіне шетелдік профессорларының визиті жалғасуда. Малтепе Университетінің (Түркия) профессоры Сефа Четин 10-қыркүйектен бастап 1 ай бойы "Туризм", "Экономика", "Менеджмент", "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтарының студенттері мен магистранттарына дәріс оқуда.

Шақыртылған шетелдік профессор "Экономика", "Туризм және сервис", "Менеджмент" кафедраларының оқытушы-профессорлар құрамына және білім алушыларға "Персоналды басқару", "Экономиканы мемлекеттік реттеудің бағыттары",

"Заманауи басқару бағыттары", Жоғары білім және ғылым жүйесіндегі әлемдік трендтер" аясында семинар өткізеді.
Шетелдік профессор оқытушаларға ғылыми жобаларды әзірлеу, сондай-ақ, импакт факторлы журналдарға ғылыми мақала жариялау бойынша кеңестер жүргізеді.

Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді.  Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы  басқалар атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз  көктемнің ең көркем  айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.

17 наурызда  6В04112 – "Бизнес менеджменті", 6В04114 – "Мемлекеттік және жергілікті басқару", 6В04128–"Менеджмент" білім беру бағдарламаларының 2 және 3 курс студенттерімен "Наурыз мерекесі" тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Ұлттық киімдегі білім алушылар осы мерекенің пайда болу тарихы туралы айтып, өлең оқып, музыкалық нөмірлер ұсынды. Сондай - ақ, екі байқау - "наурыз-көже дайындау" (екі команда осы мерекелік тағамды дайындау үшін қолданылатын ингредиенттерді таңдады) және "Бәйге"викторинасы өткізілді. Қонақтар өткізілген іс-шараға риза болды.