Факультет жаңалықтары (Филология)

Дулати университетіндегі стартап-жобалардың I кезеңі

«Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасында Дулати университеті стартап-байқауының бірінші кезеңі өтті. Е.С. Шмакованың жетекшілігімен РЯ 25-2,4 тобының бірінші курс студенттері қызықты, өзекті әрі болашағы зор «Digital Чехов. Webtoon» жобасын таныстырды.

Жобаның өзектілігі А.П. Чеховтың күрделі әдеби мұрасын ақпаратты смартфон экраны арқылы тұтынуға дағдыланған заманауи «цифрлық» ұрпақтың қабылдауына бейімдеу қажеттілігімен байланысты. Жобаның жаңалығы — түпнұсқа мәтіннің психологиялық тереңдігін сақтай отырып, авторлық ремаркалар мен символдарды динамикалық визуалды қатарға айналдыру және чеховтық мәтін астарына филологиялық деконструкция жасау.

Жобаның ауқымын кеңейту әлеуеті жоғары. Дайын комикстерді мектептер мен колледждер үшін қосымша оқу материалы ретінде пайдалану жоспарлануда. Қазылар алқасы стартаптың өзектілігі мен коммерциялық әлеуетін жоғары бағалады. Жобаны монетизациялау цифрлық өнімдерді білім беру процесіне енгізу арқылы жүзеге асырылады, бұл оны филологтар үшін ғана емес, жалпы EdTech нарығы үшін де тартымды етеді.

Жас зерттеушілерімізге шығармашылық табыс пен кәсіби өсу тілейміз!