Факультет жаңалықтары (Филология)

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТТІҢ ЗЕРТТЕУ МӘНДЕРІ

7М01702 – «Орыс тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламасының магистранттары Дулати университетінің студенттері Маношкина Е.Д., Литвинов Э.Н. 2026 жылғы 2 ақпаннан бастап Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасында зерттеу практикасын өтуде. Кафедраны филология ғылымдарының кандидаты Беркенова Рабиға Агабекқызы басқарады.

Зерттеу практикасы басталар алдында педагогика факультетінің деканы Нурбеков Т.Б. және кафедра меңгерушісі Беркенова Р.А. магистранттарға заманауи ғылыми деректерді іздеу, талдау және интерпретациялау үдерісінің ерекшеліктері туралы кеңес берді.

Зерттеу практикасы аясында магистранттар «Шерхантану курсын жобалау мен іске асырудағы технологиялар мен инновациялар: қиындықтар мен тиімді шешімдер» атты республикалық ғылыми-зерттеу конференциясына қатысты. Университеттің ғылыми кітапханасында магистрлік диссертация тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерді іздестіріп, кафедраның жетекші оқытушыларының сабақтарына қатысты.