Факультет жаңалықтары (Педагогика)

Өнер қырандары театрымен мазмұнды сұхбат өтті

Өнер қырандары театрымен мазмұнды сұхбат өтті. Кездесу барысында театр ұжымы шығармашылық жолы, бүгінгі жобалары мен алдағы жоспарлары туралы кеңінен әңгімеледі.

Сонымен қатар, сатира жанрының қоғамдағы рөлі, ұлттық құндылықтарды насихаттау және көрерменмен байланыс тақырыптары қозғалды.
Сұхбат еркін форматта өтіп, қатысушылар өз ойларымен ашық бөлісті. Кездесу көрермендерге театрдың ішкі тыныс-тіршілігін тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді.