Факультет жаңалықтары (Технологиялық)

Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы және Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай, Алматы қаласында алғаш рет «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және ғылыми-практикалық конференциясы, сән көрсетілімі өткізді. Фестиваль аясында «Ұлттық мұра – ұрпақ аманаты: Музей жәдігерлері мен этнодизайнның тоғысуы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференцияға М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, "Дизайн және сән индустриясы" кафедрадасының қауымдастырылған профессорлары Келесова У.С және Жаппарова А.К., Байжанов С.Б. этно стильдегі коллекциялармен қатысты.