Жаңалықтар

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің басты басымдықтарының бірі – оқушының жеке қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып, оның болашақ кәсіби бағытын саналы түрде таңдауына жағдай жасау. Осы маңызды міндет аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің тиімді жолдарын талқылауға арналған өңірлік семинар ұйымдастырылды.

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында «Денсаулық» спартакиадасы өз жұмысын бастады.

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тарихты таны, тұлғаны ұлықта» атты кітап көрмесі өтті. Ұйымдастыру комитеті: М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығы.

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Технологиялық факультеті «Қолданбалы информатика және бағдарламалау» кафедрасының 6B06114 – «Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасының студенті Асылжан Каден оқу ақысы төлемін жаңаша форматта жүзеге асырып, қуанышқа кенелді. Ол CentroCredit Bank ұсынған bcc.kz мобильді қосымшасы арқылы оқу төлемін жүргізіп, банк ұйымдастырған науқанға қатысушылардың бірі болды. Науқан нәтижесінде студентке жаңа планшет сыйға тартылды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым саласындағы сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар тағайындауға арналған конкурсының нәтижесі бойынша PhD, қауымдастырылған профессор, «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі Калмаханова Маржан Сеитқызы дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның жеңімпазы атанды.

Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім қызметкерлері мен Технологиялық факультеттің «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының «Басқару жүйелеріндегі автоматтандыру және ақпараттандыру» білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқан 4-курс студенттері өндірістік нысанға экскурсия жасап, жұмыс барысымен танысты.

Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің оқытушысы «Ғылыми тағылымдама» бағдарламасының стипендия иегері атанды.

08–19 желтоқсан аралығында «Әлеуметтік психология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Р.К.Керимбаева академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласындағы Альфраганус университетінде іссапарда болды.