Қазақстандық және шетелдік биология бағытында және жоғары оқу орындары мен орта білім беру мекемелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын, білімі мен құзыреті бар жоғары білікті биолог – мамандарды даярлау.
«Кафедра жетістіктері»
2025 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында «6В015 – Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша XVII республикалық пәндік студенттік олимпиадада «Биология» кафедрасының 6B01505 – «Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының студенттері Г.А. Қадыр мен А.Ж. Дауренбекова ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
«Биология» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, б.ғ.к. Г.К. Зияева 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы, DP25900539 – «Қазақстанның Оңтүстік өңірінде одан әрі жармаға өңдей отырып, құрғақшылыққа төзімді және өнімділігі жоғары құмай өсірудің агротехнологиясын енгізу» жобасының ғылыми жетекшісі.
«Биология» кафедрасының аға оқытушысы А.А. Карабаева 2025-2027 жылдарға арналған «Жас Ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпазы. AP25794577 – «Қазақстанның оңтүстік-шығысы жағдайында алма ағашын жеміс кенелерінен қорғаудың экологияландырылған жүйесін жасау» тақырыбындағы жобаның ғылыми жетекшісі.
«Биология» кафедрасында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс бойынша 3 келісімшарт жасалынған: «Казакбаев Сейсенбек Заурбекович» ЖК, тақырыбы: «Бидай дәнінің сапасының негізгі көрсеткіштері және олардың қалыптасуына әсер ететін факторлар»; Алатау ШҚ, тақырыбы: «Органикалық заттар негізіндегі биологиялық тыңайтқыш»; «Джамбульский мед» ЖШС, тақырыбы: «Жамбыл облысы жағдайында бал араларының өнімділігін арттыру және сапалы ара өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталған инновациялық әдістерді әзірлеу және енгізу».
«Серіктестер»
«Биология» кафедрасы бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларының серіктестіктерінің тізімі
|
р/с |
Кафедра филиалының аталуы |
Орналасқан орны |
Кафедра филиалының келісім-шарт № , күні |
Кәсіпорын жетекшісі |
|
1 |
Академик К.И.Скрябин атындағы Жамбыл мал дәрiгерлiк ҒЗС» республикалық мемлекеттік ғылыми-зерттеу қазыналық кәсіпорны |
Тараз қ, Пушкин көш.№57 |
Келісім -шарт № 15-37/12- 4/102, күні: 27.09.2024 ж. Мерзімі 5 жыл. |
Тлепов А.А. |
Тәжірибе базасының ОҒӨБ
|
№ |
Тәжірибе базасының атауы Кәсіпорынның аталуы, келісім-шарт жасалған күн, кәсіпорын жетекшісі |
Орналасқан жері |
Білім беру бағдарламасы үшін |
|
1 |
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының №5 қалалық емханасы – басшысы Д.А.Сарсенова Келісім – шарт №15-37/12-4-154 күні: 07.10.2024ж. Мерзімі 5 жыл. |
Тараз қаласы Рысбек Батыр №13А |
6В05111- «Медиктік- биологиялық іс», 6B05112- «Жалпы биология», 7М05111- «Жалпы биология» |
|
2 |
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының №6 қалалық емханасы-басшысы Д.К.Керимбаева Келісім – шарт №15-37/12-4-153 күні: 07.10.2024ж. Мерзімі 5 жыл. |
Тараз қаласы. Д.Бедный №35 |
6В05111- «Медиктік- биологиялық іс», 6B05112- «Жалпы биология», 7М05111- «Жалпы биология» |
|
3 |
ТО «Панченко Л.Г» Аң шаруашылығы «Сенгирбай» - жеке кәсіпкер Л.Г.Панченко Келісім шарт №47 күні:05.11.2021ж. Мерзімі 05.11.2021-05.11.2026ж |
Тараз қаласы Төле би №9Б/26 |
6В05111- «Медиктік- биологиялық іс», 6B05112- «Жалпы биология», |
|
|
|
|
7М05111- «Жалпы биология» |
|
4 |
КХ «Домалакколь» -басшысы С.А.Каргашев Келісім шарт №45 күні:05.11.2021ж. Мерзімі 05.11.2021-05.11.2026ж |
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Акколь ауылы. Қазақстан №15 |
6В05111- «Медиктік- биологиялық іс», 6B05112- «Жалпы биология», 7М05111- «Жалпы биология» |
|
5 |
«Жамбыл облыстық қан орталығы» ШЖҚ МКК Келісім шарт №9 күні:20.11.2023ж. Мерзімі 3 жыл. |
Тараз қаласы, Әль-Фараби- 2Б |
6В05111- «Медиктік- биологиялық іс», 6B05112- «Жалпы биология», 7М05111- «Жалпы биология» |
|
6 |
Академик К.И.Скрябин атындағы Жамбыл мал дәрiгерлiк ҒЗС» республикалық мемлекеттік ғылыми-зерттеу қазыналық кәсіпорны - жетекшісі Тлепов А.А. Келісім -шарт № 15-37/12-4/102, күні: 27.09.2024 ж. Мерзімі 5 жыл. |
Тараз қ, Пушкин көш.№57 |
6В05111- «Медиктік- биологиялық іс», 6B05112- «Жалпы биология», 6В01505- «Биология мұғалімдерін даярлау»,7М051 11-«Жалпы биология», 7М01505- «Биология мұғалімдерін даярлау» |
|
7 |
Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ Келісім -шарт №41, күні: 23.09.2024 ж. Мерзімі 5 жыл. |
Тараз қ., Аса м/а., 8А ғимарат |
6В01505- «Биология мұғалімдерін даярлау», 7М01505- «Биология мұғалімдерін даярлау» |
|
8 |
Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің «№47 орта мектебі» КММ Келісім -шарт №42, күні: 23.09.2024 ж. Мерзімі 5 жыл. |
Тараз қ., Мыңбұлақ м/а., 34 ғимарат |
6В01505- «Биология мұғалімдерін даярлау», 7М01505- «Биология мұғалімдерін даярлау» |
|
9 |
Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің «№Т.Рысқұлов атындағы 48 орта мектебі» КММ Келісім -шарт №43, күні: 23.09.2024 ж. Мерзімі 5 жыл. |
Тараз қ., Алатау м/а., 53 ғимарат |
6В01505- «Биология мұғалімдерін даярлау», 7М01505- «Биология мұғалімдерін |
|
|
|
|
даярлау» |
|
10 |
Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин №49 орта мектебі» КММ Келісім -шарт №44, күні: 23.09.2024 ж. Мерзімі 5 жыл. |
Тараз қ., Аса м/а., 27 ғимарат |
6В01505- «Биология мұғалімдерін даярлау», 7М01505- «Биология мұғалімдерін даярлау» |
|
11 |
Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің «О.Жолдасбеков №50 орта мектебі» КММ Келісім -шарт №45, күні: 23.09.2024 ж. Мерзімі 5 жыл. |
Тараз қ., Мамбет батыр к., 25А үй |
6В01505- «Биология мұғалімдерін даярлау», 7М01505- «Биология мұғалімдерін даярлау» |
|
12 |
Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің «№51орта мектебі» КММ Келісім -шарт №42, күні: 23.09.2024 ж. Мерзімі 5 жыл. |
Тараз қ., Массив Карасу м/а., 1 |
6В01505- «Биология мұғалімдерін даярлау», 7М01505- «Биология мұғалімдерін даярлау» |
|
13 |
Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің «№53 мектеп гимназиясы» КММ Келісім -шарт №47, күні: 23.09.2024 ж. Мерзімі 5 жыл. |
Тараз қ., Астана м/а., 10А үй |
6В01505- «Биология мұғалімдерін даярлау», 7М01505- «Биология мұғалімдерін даярлау» |
|
14 |
Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің «№54 орта мектебі» КММ Келісім -шарт №48, күні: 23.09.2024 ж. Мерзімі 5 жыл. |
Тараз қ., Массив Бурыл, С.Шакиров көш., 82 үй |
6В01505- «Биология мұғалімдерін даярлау», 7М01505- «Биология мұғалімдерін даярлау» |
|
№ |
Білім беру бағдарламаламасының атауы |
|
1 |
6В05111– «Медиктік- биологиялық іс» |
|
2 |
6B05112– «Жалпы биология» |
|
3 |
6В05533 – «Биология ІР» |
|
4 |
6В01505 – «Биология мұғалімдерін даярлау» |
|
5 |
7М01505 – «Биология педагогтарын даярлау» |
|
6 |
7М05111– «Жалпы биология» |
«Бітіруші түлек моделі»
Білім беру бағдарламасының іске асырылуы түлектердің максималды жұмысқа орналастыру болып табылады. Жыл сайын мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушыларының еңбекақысы артып, Педагог мәртебесі көтеріліп келеді. Осыған байланысты түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелерін талдау жұмысқа орналастыру көрсеткіштерінің оң динамикасын көрсетеді.
«Биология» мамандығының түлектері алған білімдері бойынша келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:
БИОЛОГ мамандар дайындалуы түлектердің қазіргі заманға тез бейімделетінін көрсетеді. Кафедра түлектері жұмысты тез табады, өзгеріп тұратын әлеуметтік және экономикалық жағдайларға тез бейімделеді.
В050-«Биологиялық және сабақтас ғылымдар» білім беру бағдарламалар тобы бойынша:
6В05111-«Медиктік-биологиялық іс» білім беру бағдарламасы медициналық биология саласында теориялық білімді, практикалық дағдыларды меңгерген және мамандандырылған зертханаларда заманауи инновациялық технологияларды пайдалана алатын жоғары білікті маман-бакалаврларды дайындау.
6В05112-«Жалпы биология» білім беру бағдарламасы бойынша қазіргі биологияның жаңа бағыттары туралы түсініктері бар және алған білімдерін ғылыми-практикалық және педагогикалық қызметте қолдана алатын биологиялық ғылымдар бойынша іргелі білімі бар бакалаврларды дайындау.
7М05111-«Жалпы биология» және 7М01505--«Биология мұғалімдерін даярлау» кафедра магистранттарды дайындау ҚР «Білім туралы» Заңы және жоғары ғылыми-педагогикалық білім (магистратура) туралы Ережелері негіздерінде жүргізіледі.
В015-«Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалар тобы бойынша кәсіби өсу мен ұтқырлыққа қабілетті, психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласында негізгі және кәсіби құзыреттіліктерге ие, сондай-ақ биология мұғалімінің кәсіби міндеттерін шешуге қабілетті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
6В01533 -Биология (IP)
6В01505–Биология мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша білім алған түлектерінің кәсіби сферасы:
- білім беру (жалпы орта білім беретін мектептерде, лицей, гимназия, колледжде биология пәнінің мұғалімі);
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары
- басқару (білім беру бөлімдері, әкімшіліктер, табиғат қорғау және экология ұйымдары);
- ғылыми – зерттеу ұйымдарында
6В05112-"Жалпы биология" білім беру бағдарламасы бойынша білім алған түлектерінің кәсіби сферасы:
- Биолог
- Ботаник
- Зоолог
- Ғылыми зерттеу ұйымдарында
- зертханашы-зерттеуші (биология саласында)
- Өсімдіктер физиологиясы бойынша маман
- Энтомолог
6В05111-«Медиктік-биологиялық іс» білім беру бағдарламасы бойынша білім алған түлектерінің кәсіби сферасы:
- Биолог
- зертханашы-зерттеуші (биология саласында)
- ғылыми қызметкер (биология саласында)
- Эмбриолог (эмбрионды зерттеу)
- зертханашы-зерттеуші (бактериология саласында)
- зертханашы-зерттеуші (микробиология саласында)
- Эпидемиолог
- Цитолог
Магистратура мамандықтары бойынша:
7М01505-«Биология мұғалімдерін даярлау»
7М05111-«Жалпы биология»
Магистратураны бітірушілердің кәсіптік әрекетінің нысаны:
- ЖОО-дары, колледждер, гимназиялар;ғылыми-зерттеу мекемелері;мамандық бағытындағы зертханалар;
- мемлекеттік басқару орындары;ғылыми-зерттеу, кәсіптік бағыт бойынша әртүрлі мекемелерде ғылыми –зерттеу жұмыстарын орындай алу;жобалау: жоба жасау мен конструкторлық орындарда жалпы және арнайы жобалар құрастыру;өнеркәсіптік-басқару іс-әрекеттері, әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдардағы қызметі;
«Биология» мамандығының түлектері алған білімдері бойынша келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:
- оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыруға, жүргізуге, мониторинг жүргізуге және бақылауға байланысты мемлекеттік басқару органдары:
- орта білім беру ұйымдары;
- кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары;
- білім бөлімдері мен басқармалары;
- білім беру мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары.