Қолданбалы информатика және бағдарламалау

Қолданбалы информатика және бағдарламалау

loading...
Сипаттама
Оқытушылар
Білім беру бағдарламалары
Байланыс

Кафедра бакалавриат пен магистратура деңгейінде заманауи білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып, еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті IT-мамандарды даярлайды.

Мақсаты:

Қазіргі заманғы жаһандық талаптарға сай, кәсіби құзыреттілігі жоғары, бәсекеге қабілетті, шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін әрі елжанды мамандарды даярлау.

Міндеттері:

Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру:

  • Оқыту үдерісін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
  • Білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына бейімдеу;
  • Оқыту сапасын арттыру үшін заманауи педагогикалық технологияларды қолдану.

Сапалы білім беру ортасын қалыптастыру:

  • Студенттердің білімін жетілдіруге қажетті материалдық-техникалық базаны дамыту;
  • Электрондық білім беру ресурстарын кеңінен пайдалану;
  • Академиялық адалдық қағидаттарын сақтау.

Ғылыми-зерттеу қызметін дамыту:

  • Оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуын кеңейту;
  • Ғылыми жобалар мен гранттық бағдарламаларға тарту;
  • Ғылыми нәтижелерді халықаралық және отандық басылымдарда жариялауды қолдау.

Инновациялық технологияларды енгізу:

  • Цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану;
  • Жаңа оқыту әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу;
  • Оқу процесінде жасанды интеллект және смарт-технологияларды қолдану.

Кәсіби құзыреттілікті арттыру:

  • Білім алушылардың практикалық дағдыларын жетілдіру үшін өндірістік тәжірибені күшейту;
  • Жетекші кәсіпорындармен әріптестік байланыс орнату;
  • Түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие болуына ықпал ету.

Тәрбие жұмысы мен азаматтық құндылықтарды нығайту:

  • Студенттердің ұлттық рухани құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру;
  • Патриоттық, адамгершілік және жауапкершілік сезімін дамыту;
  • Әлеуметтік жобалар мен қоғамдық шараларға белсенді қатысуға ынталандыру.

Студенттердің білімін жетілдірудегі негізгі міндеттері:

  • сапалы теориялық білім мен практикалық дағдылар беру;
  • заманауи бағдарламалау тілдері мен технологияларын меңгерту;
  • бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу және енгізу қабілеттерін дамыту;
  • жасанды интеллект, үлкен деректер, бұлттық және мобильді технологиялар саласындағы құзыреттілікті арттыру;
  • ғылыми-зерттеу қызметіне, инновациялық жобаларға және халықаралық ынтымақтастыққа бейімдеу.

Кафедра түлектері білім беру, ғылым, өндіріс және бизнес саласында табысты еңбек етіп, еліміздің цифрлық дамуына үлес қосуда.

Кафедра үздіксіз дамуды, инновацияны және білім сапасын арттыруды басты басымдық ретінде айқындайды.

 

Бітіруші түлек моделі

Түлектің міндеттері:

Оқу бағдарламасын меңгеру:

  • Оқу жоспарындағы барлық пәндер бойынша бағдарламаларды толық және сапалы игеру.

Әртүрлі іс-әрекет түрлерін игеру:

  • Жұмыс, оқу, ойын, танымдық іс-әрекеттерді жүзеге асыра білу;
  • Қызметтің негізгі құралдары мен әдістерін меңгеру: жоспарлау, жобалау, модельдеу, болжау, зерттеу.

Негізгі құзыреттерді игеру:

  • Танымдық құзыреттілік: түрлі ақпарат көздерінен білім алу әдістерін игеру, өзіндік білім алу және зерттеу дағдыларын дамыту.
  • Азаматтық және әлеуметтік құзыреттілік: азаматтық міндеттерді орындау, сайлаушы және тұтынушы ретіндегі рөлін саналы атқару, қоғам өміріне белсенді қатысу.
  • Әлеуметтік-еңбек құзыреттілігі: еңбек нарығындағы ахуалды талдай білу, өзінің кәсіби мүмкіндіктерін бағалау, кәсіби қарым-қатынас мәдениеті мен этикасын сақтау, өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын жетілдіру, әлеуметтік тәжірибені қолдану.
  • Тұрмыстық құзыреттілік: денсаулықты сақтау, отбасылық өмірге бейімделу, үлкендерге құрмет көрсету және әлеуметтік қарым-қатынаста мәдениетті ұстану.
  • Мәдени-демалыс құзыреттілігі: бос уақытты тиімді пайдалану, мәдени және рухани дамуға ықпал ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру.

Құзыретті түлектің моделін қалыптастыру – білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі. Бұл мақсатқа жету үшін оқу үдерісінде қажетті жағдайлар жасалып, қоғам мен мәдениеттің қазіргі талаптарына сәйкес жаңа сападағы білім беру нәтижесі қамтамасыз етіледі. Соның нәтижесінде құзыретті, жан-жақты дамыған тұлға қалыптасады.

6В06111 - «Информатика және компьютерлік ғылымдар»

6В06113 - «Бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу»

6В06114 - «Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»

7М06111 - «Информатика және компьютерлік ғылымдар»

7М06114 - «Бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу»

 

Бакалавриат

6В06111 - «Информатика және компьютерлік ғылымдар»

6В06113 - «Бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу»

6В06114 - «Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»

Магистратура

7М06111 - «Информатика және компьютерлік ғылымдар»

7М06114 - «Бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу»

6В06111 - «Информатика және компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасы 2020-2025 жж.

6В06113 - «Бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу» білім беру бағдарламасы  2020-2025 жж. 

6В06114 - «Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасы 2020-2025 жж.

7М06111 - «Информатика және компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасы 2020-2025 жж.

7М06114 - «Бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу» білім беру бағдарламасы 2020-2025 жж.

 

 

Қызметкердің аты-жөні Лауазымы Жұмыс телефоны Ұялы телефоны Электрондық поштасы

Садибаев Абильхан Килыбайұлы

Факультет деканы

доцент

  - Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Байбазарова Эльвира Адилбековна

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі декан орынбасары

Химия магистрі

45-23-44 - Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Баймырзаева Гаухар Жаксликовна

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі декан орынбасары

т.ғ. магистрі

45-23-44 - Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Сугурова Лаура Алхайдаровна

Ғылыми жұмыстар жөніндегі декан орынбасары

PhD доктор, қауымдастырылған профессор

45-23-44 - Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Молдатаева Сулушаш Нуридиновна

Тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары

Ядролық физика магистрі

45-23-44 - Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.