Факультет жаңалықтары (Педагогика)

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Медиация институтын дамытудағы психология қызметінің рөлі» тақырыбында облыстық «Formatted» семинары өтті.

Семинар жұмысына  мемлекеттік органдар, үкімет емес ұйымдар, аудан мен қала білім бөлімдерінің басшыларының орынбасарлары, мектеп психологтары, медиаторлар қауымдастығының мүшелері қатысты.

Жамбыл облысның әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Нысанбаев әлеуметтік қоғамдық белсенділігін арттыру негізінде жасөспірімдердің рухани-адамгершілік әлеуетін қалыптастыру жайында сөз қозғады. Жамбыл облысы бойынша Адам құқықтар жөніндегі уәкілдің өкілі Байхожаев Берікбол түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Семинар спикерлері тақырыпқа орай ой пікірлерін ортаға салды.

Семинар соңында Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Аманқұлұлының «Балалардың құқытарын қорғау мазмұнын жаңарту жағдайындағы білім саласындағы медиацияны басқару тиімділігі» тақырыбында ой қорытып, семинарды қорытындылады.

Ұйымдастырушылар өзекті тақырыпты талқыға салу арқылы медиативтік тәсіл қағидаттары негізінде даулар мен жанжалдарды шешуде білім беру процесіне қатысушыларға көмек көрсетіп, отбасының  әлеуметтік қоғамдық белсенділіген арттыруды көздегені анық. Семинарда қатысушылар өздеріне керек кеңесті алып, тәжірибе бөлісті. 

«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушылар Қасымов М.Р., Абдракова А.Б.,Шынтаева Н.А., Минайдарова М.Е., Кадырова А. Е., және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының оқытушысы Серикова Забира Байдаулетовна, бастауыш білім беру бөлімінің меңгеруші Жумадилова Ардак Каратаевна, Дш-1-20, Пмно -1-20 топ студенттерімен «Ынтымақтастық сапалы білім, кәсіби бағдар» атты семинар ұйымдастырды.

Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айтқандай «Басқадан кем болмау үшін бізге білім керек, күш керек. Білімді болу үшін – оқу керек, бай болу үшін еңбек ету керек, күшті болу үшін – білек керек. Осы керектің бәрін іске асыру үшін ақыл мен сабыр керек». Балаларды тәрбиелеу мен оқытуда мұғалім мен тәрбиеші бірлесе жұмыс атқарғаны жөн. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Еліміздің білім беру жүйесі заман талабына сай дамып келеді. Өркениетті қоғамды құрудағы мемлекеттің қалыптасуы алдымен өскелең ұрпақтың еркін ойлай білуі мен шығармашылығы, кәсіби біліктілігі мен біліміне байланысты болмақ.

Колледж түлектеріне университетіміздің білім беру бағдарламасымен таныстырып, тестке өтініш беру жолдарына тоқталып, грантқа түсу үшін бейіндік пәндерімен таныстырылым жасалды. Кафедра оқытушылары «Өрмекші торы» психологиялық тренинг ұймдастырылды.

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәсіптік оқыту бағдарламасы бойынша интерактивті әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар өтті. 

Модератор кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к.,Таукебаева Күнсұлу Сатхановна болды. Кафедра меңгерушісі PhD, қауымдастырылған профессор Кошкинбаева Нұргүл Рыспайқызының « Орта мектеп және ЖОО білім беру бағдарламаларының сабақтастығының үйлесімділігі» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Сондай ақ, семинарға Тараз қаласы, Талас, Жуалы, Жамбыл, Тұрар Рысқұлов, Меркі, Байзақ аудандарының көркем еңбек пәні мұғалімдері қатысып кәсіптік оқыту, көркем өнер саласындағы интерактивті әдіс-тәсілдеріқарастырылды. Көркем еңбек пәні кітаптарының олқылықтары, Қазақстан ауыл шаруашылығы өндірісін алға қойғандықтан кәсіптік оқыту саласында ауыл шаруашылығы бөлімімен кәсіпкерлік негізі бөлімдерін көркем еңбек кітаптарында қайта қарау, талдау мәселесі жан-жақты талқыланды. «Кәсіптік оқыту», «Көркем еңбек және сызу пәні мұғалімі» БББ-на 2024-2025 оқу жылындағы мемлекеттік білім беру гранттары туралы ақпараттар беріліп, кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді.

Құстар арқылы қоғамдағы мәселелерді жеткізу, жемқорлықтың соңы неге соғарының айғағы.Авторы: Д.Исабеков.

Биыл Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ардагер журналист, мәдениет майталманы Асқарбек Ақылшаұлы Сейілхан мерейлі 75 жасқа толды. Аталмыш мерейлі күнге орайластырып өзінің «ШЕР АҒАНЫҢ ШЕКПЕНІНЕН ШЫҚПАСАМ ДА...» атты кітабын жарыққа шығарды.

Осы ретте өлкенің мәдени, рухани тынысына, әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып жүрген ел ақсақалының мерейлі мерекесін өскелең ұрпаққа өнеге ету үшін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы бенефис кеші және кітаптың таныстырылымын ұйымдастырды.

Бенефис кеші мәдениет майталманының халық жазушысы Шерхан Мұртазаның жазбаларынан дайындалған қойылыммен басталды. Оған кеш қонағы өзі Шераға образымен көпшілік алдына шығып, монолог оқыды. Бұдан кейін кеш жүргізушісі журналист, Ш.Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының директоры Жасұлан Әбдіхалық Асқарбек Ақылшаұлын ортаға шақырды. Кеш одан әрмен «Жамбыл» телеарнасындағы Гүлбаршын Құланбаева бастаған шәкірттерінің дайындаған бейнефильмін тамашалаумен жалғасты.

Кеш барысында кітапта баяндалған ерекше оқиғалар турасында кітап авторына, оқиға куәгерлеріне сұрақтар қойылды. Екі жақты әңгіме-сұхбат форматындағы бенефисте актер Асқарбек Сейлілханның сахналаған образдарынан Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртістері сахналық қойылым да көрсетті. «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында облыстың оқулық қоры тағы бір құнды кітаппен толықты. Асқарбек Ақылшаұлының «Шераға шекпенінен шықпасам да...» кітабының таныстырылымын кеш соңында қазақы «сыр сандықты» сиволикалық кілтпен ашып, кітаптарын өскелең жас ұрпаққа табыстады

. Ал орталық тарапынан авторға іс-шара басталғалы елдің ықыласы, ізгі тілегі жазылған «тілек кітабы» берілді. Іс-шара соңында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов пен мемлекеттік сыйлықтың лауреаты ҚР халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов құттықтау сөзін айтып, жас оқырмандарға ақ батасын берді.

М Х Дулати атындағы Тараз университенде Мәдениет және өнер кафедрасында, кафедраның меңгерушісі Айгүл Қабиқызының қолдауымен аға оқытушы Айтибаев Қажыбайдың идеясымен Лаборотория-АКК-75 өнер лабороториялық ашылды . 

Өнертану ғылымының кандидаты Кулбаев Аман Бекенұлы Актерлік өнердің негізгі қағидаларымен таныстырды, студенттерді сахна өнерінің негіздерімен актердің эмоция, дауыс, қимыл және серіктеспен жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға бағытталған шығармашылық мастер класс өткізілді. 

Іс-шара барысында қатысушылар Дариға Туранкулованың өмір жолы мен шығармашылығына қатысты тың мәліметтер алды. Кездесу ашық сұхбат түрінде өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Кеш мазмұнды әрі әсерлі өтті.