Факультет жаңалықтары (Педагогика)

Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру - маңызды  істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық - жеке тұлғаның болашақ өміріне ерекше әсер етеді.

Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар беру – аса маңызды. Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе. Өзінің әдістемесі және мазмұны жағынан оның психологиялық, педагогикалық, физиологиялық және әлеуметтік сипаты болады. Нәтижесі қоғамның экономикалық өміріне әсер етеді.

Елімізде демографиялық жағдайдың өсуіне байланысты, алдағы 5 жылдықта республикамызда қосымша 1000 мектеп салыну жоспарланып, бірқатар істер атқарылуда, осы мыңдаған мектептерді мұғалімдермен қамту мәселесі – кезек күттірмес ауқымды шаралардың бірі. Тараз қаласында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті облыс және республика көлемінде түрлі маман иелерімен қатар, педагогикалық мамандық иелерін даярлауда өзіндік үлесін қосуда.

Осы мақсатта «Ұстаз» институты 2023 жылдың ақпан айынан бастап «Педагогикалық сыныптар» құру жобасын жасалды. Ондағы мақсат – оқушылардың мұғалімдік мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, педагогикалық іс-әрекетті дамытуға мотивацияны қолдау, сонымен қатар мұғалім мамандығының беделді, құрметті және аса маңызды мамандық ретіндегі түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды педагогикалық мамандықтар бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтамасыз ету.

Байзақ ауданындағы Сарыкемер мектеп-гимназиясы мен Дихан ауылындағы Дихан тірек мектебі, «Королевка», «Амангелді», «Жаңатұрмыс», Жамбыл ауданындағы Шайқорық, Айша биби ауылы Каратау участкесіндегі Т.Рысқұлов атындағы орта мектептерінің, Аса ауылында Ю.Гагарин атындағы мектеп-гимназиясында, Байзақ ауданындағы  №4 мектеп-лицей, Көктал және Бурыл орта мектептеріне, Құмжота ықшам ауданындағы А.Алтынсарин атындағы орта мектепте, Жуалы ауданындағы №1 мектеп – гимназиясында «Кәсіби білім алу – болашаққа жарқын жол» тақырыбында аймақтық акциясы ұйымдастырып, түлектерімен кездесіп, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Кездесуде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің бүгінгі жағдайы мен жетістіктері, университеттің барлық білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, ҰБТ-ның жаңа форматы туралы және оқуға қабылдау ережелерін жете түсіндіріп өтті. Түлектер тарапынан сұрақтар қойылды.

Осы бағытта өткізілген іс-шаралардың бірі – «Химик эксперт» мектебі. Қысқы мектепте оқушылар арасында білім бағдарламасына сай сауалнама жүргізілді. Жалпы бұл бастама «Жоғары сынып оқушыларына жаратылыстану – математикалық бағытында ғылыми жобаларды жазудырудың әдістемелік ерекшеліктері» кешенді зерттеу бағытына өз үлесін қосады деп сенеміз.

Мамандық таңдау, соның аясында білім алу үшін жоғары оқу орнын таңдау әрбір түлек пен олардың ата-аналарын қызықтыратыны сөссіз. Осыны ескеріп, Ұстаз институты заманауи қоғамда бәсекеге қабілетті әр тұлғаға өз қабілеттілігін шыңдауына мүмкіндік беру үшін «Ашық есік күнін» өткізді. Болашақ талапкерлерге білім беру бағдарламалары, ерекшеліктері және материалдық база туралы таныстырылды.

Кәсіптік бағдар беру мақсатында өткен форматы бөлек іс-шаралардың бірі – Студенттердің Б.Момышұлы атындағы қазақ класикалық №45 гимназиясында өндірістік практика барысында жүргізген жұмыстары. Сондай-ақ қала және аудан мектептерінің 11  сынып оқушыларына арналған «Какую профессию мне выбрать»  пәндік олимпиадасының 50 бітіруші түлекті қамтыған ерекше бастама болғанын айту керек.

Дулати университеті оқу орнының құрылғанына 65 жыл толуына орай және «Педагогикалық сыныптарды оқыту бағдарламасының» қорытынды кезеңін өткізу мақсатында «Мен педагог мамандығын таңдаймын» атты республикалық педагогикалық олимпиадасын «Педагогика» кафедрасы жоғары деңгейде өткізе білді.

Сонымен қатар, Ұстаз институтының директоры О.Жолдасова бастаған профессор оқытушылар құрамы Талас және Мойынқұм ауданындарына кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында мектеп бітіруші түлектермен кездесті. Оқытушылар болашақ талапкерлерді білім беру бағдарламаларымен толықтай таныстырды. Сонымен қатар биыл Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетімен іскерлік кеңесі аясында және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі саласында «Қос дипломды» білім беру негізінде мамандар даярлай бастайтынын атап өтті. Оқу орны сондай-ақ «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетімен (Өзбекстан) «Су шаруашылығы» мамандарын бірлесіп даярлау бағытында алдағы оқу жылында атқарылатын бірқатар жоспарлар жасағаны да айтылды.

Кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізгендер: О.Жолдасова, Б.Тасуов, Г. Сейдалиева, А.Дунбаева, Е. Әбдімомынов, М.Ахаева, А.Сарсенбаева, А.Жұмағұлова, Е. Дүйсенбеков, Қ. Әбитаев, Д. Әшір.

«Ұстаз» институты «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасын 1973 жылы бітірген түлектер бүгін білім ордасында бас қосты. 50 жылдық мерейлі кездесуге түлектер әртүрлі қалалардан келген. Сағынышпен еске алатын студенттік жылдарынан естеліктер мен қызықты оқиғалар да айтты.
Осыдан жарты ғасырға жуық уақыт бұрын бір аудиторияда дәріс тыңдаған түлектер бүгінге дейін бір-бірімен байланысын үзбеген. Бұл мерекені есте қаларлықтай ерекше қылып өткізгісі келген ұйымдастырушылар қатысушылардың барлығынаестелік ретінде арнайы төсбелгілер сыйға тартты.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Медиация институтын дамытудағы психология қызметінің рөлі» тақырыбында облыстық «Formatted» семинары өтті.

Семинар жұмысына  мемлекеттік органдар, үкімет емес ұйымдар, аудан мен қала білім бөлімдерінің басшыларының орынбасарлары, мектеп психологтары, медиаторлар қауымдастығының мүшелері қатысты.

Жамбыл облысның әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Нысанбаев әлеуметтік қоғамдық белсенділігін арттыру негізінде жасөспірімдердің рухани-адамгершілік әлеуетін қалыптастыру жайында сөз қозғады. Жамбыл облысы бойынша Адам құқықтар жөніндегі уәкілдің өкілі Байхожаев Берікбол түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Семинар спикерлері тақырыпқа орай ой пікірлерін ортаға салды.

Семинар соңында Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Аманқұлұлының «Балалардың құқытарын қорғау мазмұнын жаңарту жағдайындағы білім саласындағы медиацияны басқару тиімділігі» тақырыбында ой қорытып, семинарды қорытындылады.

Ұйымдастырушылар өзекті тақырыпты талқыға салу арқылы медиативтік тәсіл қағидаттары негізінде даулар мен жанжалдарды шешуде білім беру процесіне қатысушыларға көмек көрсетіп, отбасының  әлеуметтік қоғамдық белсенділіген арттыруды көздегені анық. Семинарда қатысушылар өздеріне керек кеңесті алып, тәжірибе бөлісті. 

«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушылар Қасымов М.Р., Абдракова А.Б.,Шынтаева Н.А., Минайдарова М.Е., Кадырова А. Е., және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының оқытушысы Серикова Забира Байдаулетовна, бастауыш білім беру бөлімінің меңгеруші Жумадилова Ардак Каратаевна, Дш-1-20, Пмно -1-20 топ студенттерімен «Ынтымақтастық сапалы білім, кәсіби бағдар» атты семинар ұйымдастырды.

Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айтқандай «Басқадан кем болмау үшін бізге білім керек, күш керек. Білімді болу үшін – оқу керек, бай болу үшін еңбек ету керек, күшті болу үшін – білек керек. Осы керектің бәрін іске асыру үшін ақыл мен сабыр керек». Балаларды тәрбиелеу мен оқытуда мұғалім мен тәрбиеші бірлесе жұмыс атқарғаны жөн. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Еліміздің білім беру жүйесі заман талабына сай дамып келеді. Өркениетті қоғамды құрудағы мемлекеттің қалыптасуы алдымен өскелең ұрпақтың еркін ойлай білуі мен шығармашылығы, кәсіби біліктілігі мен біліміне байланысты болмақ.

Колледж түлектеріне университетіміздің білім беру бағдарламасымен таныстырып, тестке өтініш беру жолдарына тоқталып, грантқа түсу үшін бейіндік пәндерімен таныстырылым жасалды. Кафедра оқытушылары «Өрмекші торы» психологиялық тренинг ұймдастырылды.

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәсіптік оқыту бағдарламасы бойынша интерактивті әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар өтті. 

Модератор кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к.,Таукебаева Күнсұлу Сатхановна болды. Кафедра меңгерушісі PhD, қауымдастырылған профессор Кошкинбаева Нұргүл Рыспайқызының « Орта мектеп және ЖОО білім беру бағдарламаларының сабақтастығының үйлесімділігі» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Сондай ақ, семинарға Тараз қаласы, Талас, Жуалы, Жамбыл, Тұрар Рысқұлов, Меркі, Байзақ аудандарының көркем еңбек пәні мұғалімдері қатысып кәсіптік оқыту, көркем өнер саласындағы интерактивті әдіс-тәсілдеріқарастырылды. Көркем еңбек пәні кітаптарының олқылықтары, Қазақстан ауыл шаруашылығы өндірісін алға қойғандықтан кәсіптік оқыту саласында ауыл шаруашылығы бөлімімен кәсіпкерлік негізі бөлімдерін көркем еңбек кітаптарында қайта қарау, талдау мәселесі жан-жақты талқыланды. «Кәсіптік оқыту», «Көркем еңбек және сызу пәні мұғалімі» БББ-на 2024-2025 оқу жылындағы мемлекеттік білім беру гранттары туралы ақпараттар беріліп, кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді.

Құстар арқылы қоғамдағы мәселелерді жеткізу, жемқорлықтың соңы неге соғарының айғағы.Авторы: Д.Исабеков.

Биыл Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ардагер журналист, мәдениет майталманы Асқарбек Ақылшаұлы Сейілхан мерейлі 75 жасқа толды. Аталмыш мерейлі күнге орайластырып өзінің «ШЕР АҒАНЫҢ ШЕКПЕНІНЕН ШЫҚПАСАМ ДА...» атты кітабын жарыққа шығарды.

Осы ретте өлкенің мәдени, рухани тынысына, әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып жүрген ел ақсақалының мерейлі мерекесін өскелең ұрпаққа өнеге ету үшін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы бенефис кеші және кітаптың таныстырылымын ұйымдастырды.

Бенефис кеші мәдениет майталманының халық жазушысы Шерхан Мұртазаның жазбаларынан дайындалған қойылыммен басталды. Оған кеш қонағы өзі Шераға образымен көпшілік алдына шығып, монолог оқыды. Бұдан кейін кеш жүргізушісі журналист, Ш.Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының директоры Жасұлан Әбдіхалық Асқарбек Ақылшаұлын ортаға шақырды. Кеш одан әрмен «Жамбыл» телеарнасындағы Гүлбаршын Құланбаева бастаған шәкірттерінің дайындаған бейнефильмін тамашалаумен жалғасты.

Кеш барысында кітапта баяндалған ерекше оқиғалар турасында кітап авторына, оқиға куәгерлеріне сұрақтар қойылды. Екі жақты әңгіме-сұхбат форматындағы бенефисте актер Асқарбек Сейлілханның сахналаған образдарынан Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртістері сахналық қойылым да көрсетті. «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында облыстың оқулық қоры тағы бір құнды кітаппен толықты. Асқарбек Ақылшаұлының «Шераға шекпенінен шықпасам да...» кітабының таныстырылымын кеш соңында қазақы «сыр сандықты» сиволикалық кілтпен ашып, кітаптарын өскелең жас ұрпаққа табыстады

. Ал орталық тарапынан авторға іс-шара басталғалы елдің ықыласы, ізгі тілегі жазылған «тілек кітабы» берілді. Іс-шара соңында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов пен мемлекеттік сыйлықтың лауреаты ҚР халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов құттықтау сөзін айтып, жас оқырмандарға ақ батасын берді.

М Х Дулати атындағы Тараз университенде Мәдениет және өнер кафедрасында, кафедраның меңгерушісі Айгүл Қабиқызының қолдауымен аға оқытушы Айтибаев Қажыбайдың идеясымен Лаборотория-АКК-75 өнер лабороториялық ашылды .