Факультет жаңалықтары (Педагогика)

Тәрбие және жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен концерт өтті. Іс-шараның мақсаты – жаңа студенттерді университет өмірімен таныстыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Концерт барысында студенттер ән айтып, би билеп, түрлі көркем өнер нөмірлерін көрсетті. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

Сабақтың мақсаты — студенттерге музыкалық театр ұғымын түсіндіру, қазақ музыкалық театрының қалыптасу тарихымен таныстыру, театр жанрлары мен олардың ерекшеліктерін талдау, сондай-ақ болашақ мәдени-тынығу қызметінің ұйымдастырушылары ретінде театрлық өнер элементтерін тәжірибе жүзінде қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Тәжірибелік ашық сабақ барысында студенттер музыкалық театрдың шығу тарихы мен даму кезеңдері туралы теориялық мәліметтер алды. Қазақ музыкалық театрының алғашқы қадамдары мен оның мәдениетіміздегі рөлін талқылады. Сабақ интерактивті форматта өтті. Студенттер шығармашылық композиция арқылы музыкалық үзінділер орындады, шығармашылық мини-жоба түрінде өз интерпретацияларын ұсынды.

Сабақ барысында заманауи педагогикалық технологиялар мен шығармашылық әдістер қолданылды. Бұл тәсілдер студенттердің қызығушылығын арттырып, өнер мен мәдениетке деген шығармашылық көзқарастарын кеңейтті. Өткізілген ашық сабақ студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруға және мәдениет саласындағы кәсіби біліктіліктерін нығайтуға бағытталды.

Сабақ жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың оң пікірлері мен қызығушылығын тудырды.

Өткізген: Педагогика магистрі, аға оқытушы Утепова Алма Қасқырбайқызы 

14 қараша 2025 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірлесуімен «Қозғалыстағы практикалық философия» атты ғылыми семинар онлайн форматта өтті.

Іс-шара ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті қаржыландыратын AP23485390 «Практикалық философия: әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудағы интегралды білім беру мен дизайн-ойлау тұжырымдамалық метамоделі» ғылыми жобасы аясында ұйымдастырылды.

Семинардың негізгі мақсаты Білім беру үдерісіне практикалық философия мен дизайн-ойлауды интеграциялаудың заманауи тәсілдерін талқылау, философиялық рефлексияның жаңа бағыттарын айқындау және гуманитарлық пәндерді оқытудағы инновациялық модельдер ұсыну.

Семинардың модераторы — Ермағамбетова Құралай Серғабылқызы, тәжірибелі философ, білім беру саласындағы білікті маман. Ол практикалық философия, этика және қазіргі білім беру әдіснамасы бағыттарында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып келеді. Құралай Серғабылқызы семинар барысын жоғары кәсіби деңгейде жүргізіп, баяндамашылар мен тыңдаушылар арасындағы талқылаудың мазмұнды әрі тиімді өтуіне мүмкіндік жасады. Оның модераторлық қызметі іс-шараның ғылыми деңгейін арттырып, пікірталас мәдениетін нығайтты. Баяндамалар мазмұны Құранбек Әсет Абайұлы P4C және оның Қазақстандық моделін қалыптастыру жолдары Балаларға арналған философия (P4C) бағдарламасын ұлттық контекстке бейімдеу мәселелері талқыланып, рефлексивті ойлау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді. Аташ Берік Мұратұлы Гуманитарлық пәндерде креативті және сыни ойлауға үйрету әдістемесі

Спикер заманауи білім алушылардың аналитикалық дағдыларын дамытуға бағытталған әдіснамалық тәсілдерді ұсынды. Нұрадин Гүлхан Болатқызы Қозғалыстағы практикалық философия және интеллектуалдық қызмет Практикалық философияның динамикалық сипаты және оның интеллектуалдық әрекетпен байланысы туралы тың көзқарастар айтылды. Аккулиева Асия Ертаевна Цифрлану дәуіріндегі адамгершілік пен жауапкершілік құндылықтары Цифрлық қоғамдағы моральдық таңдау, цифрлық этика және жауапкершіліктің жаңа формалары философиялық тұрғыдан талданды. Семинардың нәтижелері Семинар практикалық философияның теориялық және әдіснамалық қырларын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар: философиялық ойлауды білім беру жүйесіне интеграциялаудың нақты жолдары ұсынылды; дизайн-ойлау әдістерін қолданудың тиімділігі көрсетілді; әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытуда қолдануға болатын практикалық ұсыныстар жасалды. Іс-шара қатысушылардың өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз етіп, жобаның ғылыми-теориялық және қолданбалы мәнін күшейтті.

Қатысқан барлық спикерлер мен тыңдаушыларға алғыс айтамыз! Практикалық философияны білім беру кеңістігіне енгізу бағытындағы зерттеулеріміз әрі қарай да жалғасады. 

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті, «Мәдениет және өнер» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен «Оқытушыдан – өнер, студентке – шабыт!» атты шығармашылық концерт өтті. Бұл мәдени шараның мақсаты – оқу орнының профессор-оқытушылар қауымының өнерге деген сүйіспеншілігін танытып, студенттермен рухани байланысты арттыру, білім ордасының шығармашылық әлеуетін кеңінен көрсету болды.

Кафедра аясында тұңғыш рет ұйымдастырылған ПОҚ концерт барысында іс шара шымылдығын кафедра меңгерушісі ҚР мәдениет қайраткері, Қауымдастырылған профессор, өнертану доценті, Құрмет орденнің иегері Кабиева Айгүл Кабиқызы ұлттық дәстүрмен Студенттерге шашу шашып ашты. ПОҚ өкілдері өздерінің вокалдық,  би және театрландырылған орындаушылық шеберліктерін ұсынып, Студенттердің қызықты сәттерінен видеороликтер көрсетіліп, білімгерлерге көтеріңкі көңіл күй, ерекше сезім сыйлады.

Мұндай формат студенттер үшін ПОҚ жаңақырынан танып, олардың бойындағы талант пен шығармашылықтың алуан қырын көруге мүмкіндік береді. «Оқытушы – тек білім беруші ғана емес, ол – рухани бағыт-бағдар беретін, шабыт сыйлайтын тұлға.

Бұл концерт – Оқытушы бен студент арасындағы шығармашылық үндестікті қалыптастыратын маңызды алаң», – дейді шара ұйымдастырушылары.

Іс шара мақсаты – студенттердің мәдени өмірін жандандыру, оқу үдерісін рухани байытатын игі дәстүрлерді қалыптастыру және жас ұрпақты шығармашылыққа ынталандыру.

Шараға барлық студенттер, кафедра оқытушылар шақырылды.

Әншілердің 1-ші бақылаулық нәтижелерінен суреттер легі. 

Қазақ музыкасының маңдайалды композиторы, дирижер, домбырашы, Қазақстанның Халық қаһарманы, Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай «Мәдениет және өнер» кафедрасында «Құстар қайтып барады»  лекция-концерті өтті. Бұл іс-шара студенттер арасында композитордың шығармаларын насихаттау, қазақ музыка өнеріне деген құрмет сезімін ояту мақсатында өткізілді. 

Жоғары курстар мен 1 курс студенттері арасындағы байланыс пен достықты нығайту, шығармашылық қарым-қатынасты арттыру, студенттерді бірлікке, ұйымдастырушылыққа және мәдени ортада өз қабілеттерін көрсетуге ынталандыру. 

«Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері «Өнер тарихы» пәні бойынша екінші аралық бақылауды тапсырып, өздерінің теориялық білімдері мен шығармашылық талдау дағдыларын көрсетті.